Басты Жаңалықтар Шетелдік сарапшылар: Құрылтай жүйелі өзгерістерге жол ашады

Шетелдік сарапшылар: Құрылтай жүйелі өзгерістерге жол ашады

Польшаның бұрынғы Премьер-Министр орынбасары, қазіргі Польша-Азия сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Құрылтай сайлауына қатысты сараптамалық пікірін, сондай-ақ, Сингапурдың ірі Food Empire Holdings компаниясының негізін қалаушы, инвестор Тан Ван Чоу, Құрылтай - халық, мемлекеттік институттар мен Үкімет арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Януш Пехочинский, Польша – Азия сауда-өнеркәсіп палатасының президенті:

Қазақстан Қытай мен Еуропаны байланыстыратын Орта дәліздің бойында орналасқан, экономикалық өсімді тұрақты қарқынын көрсетіп келе жатқан мемлекет. Қазір саяси жүйені жаңғыртуды көздейтін «Құрылтай» реформасы жүзеге асырылуда. Біздің ойымызша, бұл қадам  заңнамалық шешімдерді қабылдауды жеделдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар халық, мемлекеттік институттар мен Үкімет арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймын.

 Тан Ван Чоу, Food Empire Holdings компаниясының негізін қалаушы:

Қазақстан тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, қоғамның дамуы, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану, жаңа технологиялар игеру бағытында да қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі. Құрылтай сайлауы  демократиялық өзгерістердің одан әрі дамуына жол ашып, Қазақстанның дамыған мемлекет құру бағытындағы ілгерілеуін жалғастыруға мүмкіндік береді деп сенемін.
Бөлісу