Жамбыл облысындағы маңызды автодәліздің 45%-ы жөнделді
Жамбыл облысында жарты ғасыр жөндеусіз
жатқан «Шу-Қайнар» автожолында құрылыс жұмысы қарқын алды. Республикалық маңызы бар тасжол тек Шу мен
Қордай ауданын жалғамайды. Алматы баурайына дейін апаратын автодәліз ішкі
және сыртқы сауда айналымында маңызды маршрут саналады. Данияр Әлімқұл жол
құрылысы барысын көріп келді.
Данияр
Әлімқұл, тілші:
Жарты ғасыр жөнделмеген жол, міне, қайта жаңарып жатыр. Кезінде тасжолдың тозығы жетіп, ошақ орнындай ор-шұқыр болатын. Қазір қара жолдың 45 пайызы асфальтталды.
Расында
талайдан күрделі жөндеу көрмеген күре жолдың
ақ шаңы аспанға көтерілетін де тұратын. Ал шұңқырына шалынған көліктер
жүруге жарамай күн ұзаққа қаңтарылып қалатын.
Амангелді Рысбек, жүргізуші:
Жол қарқынды жасалып жатыр. Алдында шұқыр-шұқыр еді. Барлық ақшамыз көлігімізге кететін. Қазір жолымыздың 50 пайызы жөнделіп жатыр. Енді жолдың бітуін асыға күтеміз.
56
шақырымды құрайтын автожолдың жөндеу жұмысы былтыр басталды. Құрылыс қаржысы 19 млрд теңге. Қазір 45%-на
екі қабаттан тұратын асфальт төселді. Жолға жауапты «ҚазАвтоЖол» компаниясы
жұмыс кесеге сай келе жатқанын айтты.
Дәурен Әмренов, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жамбыл облыстық филиалы
директорының орынбасары:
Бірінші мердігер компания «Цинь-цинь». 21 шақырымды асфалттауда. Ал екінші шымкенттік компания 35 шақырымда жұмыстар жасауда. Қазір 206 техника, 330 адам жұмыс істеп жатыр.
Жоба
бойынша жолға 4 көпір мен су құбырлары салынады. «Шу-Қайнар» бағытының күрделі
жөндеуін келесі жылы аяқтау жоспарланған.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00