Талдықорғанда елуден аса отбасы баспаналы болды
Талдықорғанда 50-ден астам отбасы баспаналы атанды. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жаңа пәтерлердің кілтін әлеуметтік осал топ өкілдеріне табыстады. Осылайша жыл санап кезегін күткендер қуанышқа кенелді. Биыл шаһарда әлеуметтік осал топқа жататын 600-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлаған. Ендігі меже – көрсеткішті жыл соңына дейін 1400 отбасыға жеткізу.
Шаңырақ иесі атанып, жаңа пәтеріне шашу шашқандар арасында Торғын Тойшыбекова
да бар. Бүгінде ол үш перзенттің анасы, құрсағында тағы бір сәбиін көтеріп жүр.
Балаларының жайлы өмірі үшін осыдан 10 жыл бұрын үй кезегіне тұрған. Міне,
бүгін үш бөлмелі жаңа пәтерге ие болып, баспана мәселесін шешті. Үй иесінің
айтуынша, жаңа баспана жайлы, ал мектеп, балабақша секілді әлеуметтік нысандар
да жақын орналасқан.
Торғын Тойшбекова, тұрғын:
10 жылдың ішінде көп қиындық көрдік. Баспанадан баспанаға көштік. Қуанышты сәтім күтіп тұр екен. Жаңа баспана беріліп тұр екен. Балаларым мектепке барса екен деймін. Жақын жерге үйірмеге барса екен деймін.
Торғын Тойшыбекова сияқты тағы 50 отбасыға облыс әкімі жаңа пәтердің кілтін
табыстады. Оның сөзінше, тағы екі несиелік үй пайдалануға беріліп, 170 отбасы
баспаналы болады. Одан бөлек, жыл соңына дейін бес бесқабатты үйдің құрылысы
аяқталып, тағы 200 пәтер ел игілігіне беріледі.
Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының
әкімі:
Жылдың басынан бері осы Талдықорған қаласында 50 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй бердік. Оны есептесек, 600-ге жуық азамат жеке баспанаға ие болды.
Мамандардың айтуынша, тұрғындарды баспанамен қамту өңір халқының тұрмысын
түзеп, әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал жаңа үйлердің бой
көтеруі баспана кезегін азайтып, көптеген отбасыға өз шаңырағында өмір сүруге
жол ашады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00