Басты Жаңалықтар Жеке кәсіпкерлер ауылдық аймақтарды дамытуға мүдделі

Жеке кәсіпкерлер ауылдық аймақтарды дамытуға мүдделі

Ертіс – Баян өңірінің ауылдық аймақтарын дамытуға жеке кәсіпкерлер жұмылдырылуда. Мәселен Баянауыл ауданында жергілікті бизнесмен 3 қабатты 57 пәтерлік үйді өз қаржысына салып жатыр. Әкімшілік болса құрылыс жүргізуге жер берген. Нысан дайын болғанда, бюджет қаржысына сатып алып, пәтер кезегінде тұрғандарға беріледі.

Бекен Жанахметов, Баянауыл ауданы әкімшілігінің экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы:
Бұл 57 пәтерлік ауданның әлеуметтік осал топтарына арналған үй. Кезек бойынша жаңағы әлеуметтік осал топтарға таратылып беріледі іске қосылғаннан кейін. Жалпы, құрылыстың сапасы бәрі өте дұрыс жасалған.

Дәл осындай 36 пәтерлік үй Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентінде де салынып жатыр. Сондай-ақ мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 500 орындық өнер мектебінің де құрылысы жүріп жатыр. Павлодар өңірінің ауылдық округтерінде баспана мен әлеуметтік нысандардың бой көтеруінің ерекше мәні бар. Себебі соңғы жылдары мал ұстап, егін салу және жеке кәсіп ашу үшін жастар қаладан ауылға көшіп жатыр. Бұл ауылдарды дамытуға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржы бөлгеннің нәтижесі.



Бөлісу