Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы сайлауға дайын
Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы сайлауға тас-түйін дайын.
Бұл туралы Алматыда өткен брифингте айтылды. Еліміздің 20 өңірін қамтитын бірыңғай ақпараттық желі қалыптасты, штаб 23 тамызда үздіксіз ақпарат таратады, дейді ұйымдастырушылар. Олардың айтуынша, Алматыдағы орталық студиядан өңірлермен тікелей байланыс орнатылып, әсіресе Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан қосылымдар ұйымдастырылады. Штабтың негізгі міндеті – дауыс беру барысы туралы азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына жедел әрі объективті ақпарат жеткізу. Мамандар мұндай алаңның Құрылтай сайлауының ашықтығын қамтамасыз ететінін баса айтып өтті.
Рафаэль Гасанов, Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабының жетекшісі:
23 тамыз күні сайлау аяқталғанша жұмысымызды жалғастырамыз. Елімізде құрылған өңірлердегі тәуелсіз байқаушылар ұйымдары ортақ ақпараттық алаңға бірігеді. Біз үшін ақпаратты жедел алу емес, оның өзекті әрі шынайы екеніне көз жеткізу маңызды. Ақпарат тексерілгеннен кейін ғана оны бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам назарына ұсынамыз.
Нұржан Жалауқызы, медиа-менеджер:
Осы қызу додада шет қалмай, қоғамдық коммуникациялар орталығы болып, осы саяси науқанда өзіміздің белсенділігімізбен еліміз үшін, мемлекетіміз үшін, соның көркеюі үшін ақпараттық деңгейде үлес қосу - ең үлкен мақсат.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00