Басты Жаңалықтар 16 сағаттық жалпыұлттық онлайн-марафон өтеді

16 сағаттық жалпыұлттық онлайн-марафон өтеді

Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық онлайн-марафон өтеді. Ұйымдастырушы - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы. Шараға қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, сарапшылар, блогерлер, спортшылар мен өнер жұлдыздары қатысады. Арнайы алаңда спикерлер қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және тарихи-мәдени тақырыптарды талқылайды. Мотивациялық дәрістер оқиды. Touch Screen арқылы негізгі статистика мен рейтингтер көрсетілмек. Экспресс-камерада жедел пікірлер мен қысқа сұхбаттар жүреді. Викторина мен ойын-сауық бағдарламалар да бар. «Қарқынды құрылыс» жобасы аясында Ақтөбе, Қостанай, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Павлодар, Абай облыстарындағы құрылыс алаңдарынан тілшілер хабар таратады. Марафонның басты ерекшелігі - Астана, Алматы және Шымкенттен тікелей қосылымдар. Тілшілер үш мегаполистің тыныс-тіршілігін, көрікті жерлерін көрсетіп, тұрғындар мен түрлі сала мамандарынан сұхбат алады. Марафонды республикалық және өңірлік телеарналар, сондай-ақ отандық БАҚ-тың әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары тікелей эфирде көрсетеді.

Бөлісу