Басты Жаңалықтар Банктер несие депозит шарттарын қайта қарайды

Банктер несие депозит шарттарын қайта қарайды

Қосымша қызметтер мен жасырын комиссияларға шектеу қойылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысы қазан айында күшіне енеді. Содан кейін банктерге алты ай уақыт беріледі. Енді  ақылы қызметтерді клиенттің келісімінсіз автоматты түрде қоса алмайды. Қарыз жүктемесі де қатаң тексерілуі керек. Табысы жеткіліксіз адамдарға тәуекелі жоғары қаржы өнімдерін ұсынуға шектеу қойылады. Шарттары да әділ болуы керек. Комиссиясы тым жоғары немесе күмәнді өнімдер өзгертіледі. Алдын ала белгіленген келісімдерге тыйым салынады. Қосымшалар мен шарттарда клиенттің орнына алдын ала белгі қойылмайды. Жарнамаға да талап күшейеді. Банктер төмен пайыздық мөлшерлемені ғана көрсетіп, нақты жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін жасыра алмайды. Осылайша әр несие мен депозит бойынша арнайы ақпараттық карточка жасалады. Онда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, барлық комиссия, ықтимал тәуекелдер және өнімнің қандай клиентке арналғаны көрсетіледі. Бұл құжат кемінде бес жыл сақталуы керек. Шарттардағы майда әріппен жазылған талаптар, жасырын жазылымдар және автоматты келісімдер жойылуы тиіс.

Бөлісу