33 жылдан кейін Арқалық әуежайы іске қосылды
Бүгін Торғай халқы үшін үлкен қуаныш. 33 жылдан кейін Арқалық әуежайы қайта іске қосылды. Қаңырап бос қалған ғимарат заманауи болып жаңартылды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қайтарылған заңсыз активтерді ел игілігіне беру саясатының нақты нәтижесі. Алғашқы жолаушылар рейсінде біздің Ұлттық арнаның түсірілім тобы да бар.
Самал Қабышева, тілші:
Дәл қазір біз Астанадан Арқалыққа қарай ұшып бара жатырмыз. Дәл осы күнді Торғай халқы 33 жыл күтті. Ұзақ үзілістен кейін Елорда төрінен ұшақ Арқалыққа қарай бағыт алды. Ал ұшақтың ішіндегі атмосфераны өздеріңіз көріп тұрсыздар. Жолаушылар әнмен тербетіп, жақсы көңіл күймен келе жатыр.
Балғанша Бүркітбаева, Арқалық қаласының тұрғыны:
Халық болып қуанып жатырмыз. Торғайдың шаһарына жан бітіп жатыр. Осылай жалғасып аэропортымыз үлкейсін.
Самал Қабышева, тілші:
Жаңа әуежай. Жаңа мүмкіндіктер. Жаңа жұмыс орындары. Жаңадан ашылған Арқалық әуежайына 100-ден астам адам жұмысқа орналасты. Солардың бірі Аяулым.
Аяулым Сейдеғалымова, Арқалық әуежайының қызметкері:
Арқалық әуежайына қош келдіңіздер. Менің жасым 23-те. Мен әуежайда агент, яғни жолаушыларға қызмет көрсету саласында қызмет атқарамын.
Шыңғыс Арғымбаев, ҚР Бас көлік прокурорының орынбасары:
Мемлекет басшысының тапсырмасымен прокуратура органдары активті қайтару және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жұмысын жалғастыруда. Қазіргі таңда прокуратура органдарымен 1 трлн-нан аса актив қайтарылды. Бүгін аэропортың ашылуы сол жұмыстың нәтижесі. Әуежай 19 млрд теңгеге салынды.
Самал Қабышева, тілші:
Арқалықтан тікелей Астанаға, Алматыға, Қостанайға ұшып баруға болады. Билет құны арзан. Бұл үшін мемлекеттен арнайы субсидия бөлінді. Мәселен, Астана-Арқалық бағыты бойынша билет құны небәрі 10 мың теңге.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09