Басты Жаңалықтар Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды

Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды

Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда 677 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 79 пайызға көп. Яғни, 2022–2023 жылдары салаға 378 млрд-қа жуық теңге бағытталған еді. Қаражат су қоймаларын, каналдарды және гидротехникалық нысандарды салуға жұмсалады. Инвестицияның бір бөлігі қолданыстағы су инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған. Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында үш су қоймасы салынады. Бұл жобалар Ислам даму банкімен бірлесіп жүзеге асырылмақ. Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу жоспарланып отыр. Жобаға Азия даму банкі қолдау көрсетеді. Министрлік инвестиция есебінен су шығынын азайтуды көздеп отыр. Сондай-ақ су ресурстарын басқаруға жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдер енгізіледі. 

Сәкен Әтел, Су Ресурстары және ирригация министрлігі стратегиялық дамыту департаментінің директоры:

Сондай-ақ  Ақмола облысында Есіл контрреттегішін Азия даму банкінің қолдауымен салу жобасы және басқа да ауқымды жобалар бар. Инвестициялар су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға, атап айтқанда су қоймаларын, каналдарды және басқа нысандарды салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға тартылады.
Бөлісу