Өңірде 716 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
Қостанай облысында таңғы сағат жетіде дауыс беру басталды. Өңірде барлығы 716 сайлау учаскесі азаматтарды қабылдап жатыр. 4 мыңнан аса комиссия мүшесі дауыс беру процесінің талапқа сай өтуін қамтамасыз етіп отыр. Аймақтағы саяси науқан барысын әріптесім Мәдина Нағашыбайдан білейік. Мәдина, өңірде саяси науқан қалай өтіп жатыр?
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Қостанайлықтар ала таңнан бері ағылып кеп жатыр. Біз қазір №857 сайлау учаскесінде тұрмыз. Саяси науқанды қостанайлықтар мерекелік қойылыммен бастады. Осы мәдениет үйінің қызметкерлері тұрғындарды ән-күймен думандатып қарсы алып жатты. Мұнда барлығы 2370 адам тіркелген. 10-ға жуық азамат кәмелет жасқа толып, алғаш рет өз таңдауын жасапты. Әрине, мұндай маңызды сәтті учаске қызметкерлері де назардан тыс қалдырмай, жас сайлаушыларға арнайы шағын сый-сияпат табыстаған екен. Ал жалпы Қостанай облысында 820 мыңға жуық тұрғын болса, соның 66% жуығы дауыс беруге құқылы. Яғни 540 мыңнан астам азамат бүгін Құрылтай сайлауына қатысып жатыр. Ол үшін ауыл-аймақ, қалаларда барлығы 716 сайлау учаскелері бар жағдайды жасаған. Бәрі заң талаптарына сай өтуі үшін, байқаушылар да жіті бақылап отыр.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Токиодағы дүкеннен қымбат сағаттар ұрланды
26.08.2026, 10:01
«Саудел» тайфуны Жапонияға жетті
26.08.2026, 10:00
АҚШ-та қызылшадан екі адам қайтыс болды
26.08.2026, 10:00
БҚО-да қызылша дерті дендеп тұр
26.08.2026, 09:58
Алматы облысында су құбыры жарылып, жол опырылды
26.08.2026, 09:57
15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
26.08.2026, 09:56
Сербия депутаты: Сайлау халықаралық талапқа сай өтті
26.08.2026, 09:55
Бас прокуратура: Құрылтай сайлауы заң талаптарына сай өтті
26.08.2026, 09:53