Басты Жаңалықтар Жас сайлаушылар клубының мүшелері дауыс берді

Жас сайлаушылар клубының мүшелері дауыс берді

Бұл аумақтық сайлау комиссияларының жанынан ашылған, қоғамдық негізде жұмыс істейтін жастар ұйымы. Тасқала ауданында жас сайлаушылар клубы 3 жыл бұрын құрылған. Олар тек сайлау кезінде емес, былайғы уақытта да бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырады. Облыс бойынша 14 клуб жұмыс істейді. Халық көп шоғырланатын әуежай, теміржол вокзалы, сауда орындары мен саябақтарда 14 ақпараттық бұрыш қойылды. Клуб мүшелері сайлаудан тыс уақытта ерікті болып та қызметін жалғастыра береді.

Аделя Кереева, Жас сайлаушылар клубының төрағасы:

Бүгін біз, жас сайлаушылар клубының мүшелері, учаскеге келіп, өз дауысымызды бердік. Елдің дамуы мен болашағына әр азаматтың үлес қосқаны маңызды. Сол себепті біз, жастар, бүгінгі саяси елеулі оқиғаға жаупкершілікпен қарап, азаматтық ұстанымызды білдіріп, сайлауға белсенді қатысып отырмыз. Жас сайлушылар клубының мақсаты – жастардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру, саяси-құқықтық сауаттылығын қалыптастыру.


Бөлісу