Ауыл жұрты өз күшімен Ту тұғырын тұрғызды
Құрылтай сайлауы күні Жетісу облысының Бақалы ауылында елдік пен ерлікті паш ететін ерекше нысан бой көтерді. Ауыл тұрғындары өз қаражатына биіктігі 25 метрлік ту тұғырын тұрғызған. Идея бір ай бұрын пайда болып, ауыл жастары оны небәрі екі аптада жүзеге асырды. Бұл – туған жерге деген құрметтің көрінісі. Бақалы жастарының ел игілігіне атсалысуы мұнымен шектелмейді. Биылдың өзінде ауылда екі саябақ салып, абаттандыру жұмыстарына үлес қосты. Енді ауыл тұрғындары жаңа нысанды ел бірлігінің белгісі ретінде көрсетіп, Құрылтай сайлауында да белсенділік танытып жатыр.
Ерлан Тоқмурзин, Ауыл тұрғыны:
Бұл Ту тұғырының биіктігі 25 метр болуының басты себебі – Туымыз анық көрініп, желбіреп тұруы үшін. Бақалы ауылында қолға алынған бұл бастама – туған жерге деген құрметтің белгісі. Басқа да ауылды жерлерде осындай бастамалар қолға алынса, елді мекендердің көркеюіне үлес қосады деген ойдамын.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18