Бельгияда дауыс беру аяқталды
Еуропада дауыс беру аяқталды. Учаскелер жабылып, сайлау комиссиясының мүшелері дауыс санауға кірісті. Бельгиядағы қазақстандықтар саяси науқанға ерекше белсенділікпен қатысты. Бельгия мен Люксембургта оқу, жұмыс бабымен уақытша тұрып жатқан отандастарымыз Брюссельдегі Қазақстан елшілігіндегі сайлау учаскесінде дауыс берді. Учаскелік комиссия өкілдерінің мәліметінше, дауыс беру барлық заң талаптарына сай ұйымдастырылған. Ешқандай заң бұзушылық тіркелмеген.
Рахат Нұрғалиев, 405-учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі:
Тіркелген азаматтарымыздың 95 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерді. Азаматтарымыз Бельгияның әр қиырынан келіп, арнайы уақыттарын бөліп, демалыс күндерін елшілікте өткізді.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18