Соңғы сайлау учаскесі жабылды
Құрылтай сайлауына ең соңғы болып Сан-Францискодағы отандастарымыз дауыс берді. Қаладағы №472 сайлау учаскесі Астана уақытымен екі сағат бұрын, яғни таңғы сағат 08:00-де жабылды. Дауыс берушілердің басым бөлігі Калифорния штатында уақытша немесе тұрақты тұратын Қазақстан азаматтары. Олардың қатарында студенттер мен Кремний алқабында жұмыс істейтін мамандар бар.
Назира Нұрбаева, Қазақстан Республикасының Сан-Франциско қаласындағы Бас консулы:
Қазіргі сәтте сайлау бойынша дауыс беру аяқталды. Бүгінгі сайлауға отандастарымыз Лос-Анджелестен, Сан-Францискодан, Кремний алқабынан келді. Дауыс берушілер арасында, әсіресе, АҚШ-та білім алып жатқан студенттер басым болды. Біреуі қазақтың дәстүрлі күйін орындап, бәрімізге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18