Байқаушы: Сайлау барлық халықаралық талаптарға сай ұйымдастырылған
«Сайлау барлық халықаралық талаптарға сай ұйымдастырылған». Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері Парламентаралық Ассамблеясының байқаушысы Сергей Петросов осылай дейді. Байқаушы Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінде орналасқан №405 сайлау учаскесіндегі саяси науқанды бақылаған. Осы учаскеде сайлауға қатысуға жүзге жуық адам тіркеліп, олардың 95 пайызы дауыс берген. Байқаушы Брюссельдегі сайлаушыларға жоғары құрмет көрсетілгенін және азаматтардың саяси науқанға көтеріңкі көңіл күймен қатысқанын айтады.
Сергей Петросов, ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясынан халықаралық байқаушы:
Бәрі өте жақсы ұйымдастырылған. Қажетті ақпараттың барлығы стендке ілінген. Процестің ұйымдастырылуына қатысты ешқандай шағымым жоқ. Сайлау комиссиясы тарапынан да, сайлаушылар тарапынан да ешқандай заң бұзушылықты байқамадым. Мұның барлығын мен өз есебімде атап өттім.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18