Басты Жаңалықтар Құрылтай сайлауы: 5 пайыздық межені 5 партия еңсерді

Құрылтай сайлауы: 5 пайыздық межені 5 партия еңсерді

Орталық сайлау комиссиясы ел тарихында тұңғыш рет өткен Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады. Саяси науқанда 9 миллион 351 мыңнан аса адам таңдау жасады. Бұл дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 74,08%-ы. Ел тағдырын айшықтайтын күнде шетелде жүрген отандастарымыз да таңдау жасады. Дәл қазір Орталық сайлау комиссиясынан байланысқа шыққан әріптесім Асылбек Данияр саяи науқанның алдын ала нәтижесіне тоқталуға әзір. Асылбек, тарқатып өтсең.

Асылбек Данияр, тілші:

Қайырлы күн, Қонысбек! Иә, елімізде тұңғыш рет өткен Құрылтай депутаттары сайлауына дауыс берудің алдын ала нәтижесі де белгілі болды. Халық таңдауы мынадай: Әділет партиясын 6 жарым миллион адам жақтап дауыс берген. Бұл электораттың 71,17%-і. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 469 058 немесе 5,11%. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясына 97 751 сайлаушы дауыс берген яғни 1,07%. Қазақстан халық партиясы 285 395 немесе 3,11%. «Ауыл» партиясын 574 621 адам қолдаған, пайызға шаққанда бұл – 6,26%. Ал «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясын 478 083 таңдаған немесе сайлаушылардың 5,21%-ы. Сондай-ақ «Республика» партиясына халықтың 5,56%-ы немесе 509 631-і дауыс берген. Ал таңдау жасаған электораттың 2,51%- «Бәріне қарсы» екенін білдірген. Осы нәтижеге сүйенсек, саяси науқанға қатысқан 7 партияның бесеуі 5%-дық межені еңсерді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлаудың түпкілікті қорытындысы бірнеше күннің ішінде жарияланатынын мәлімдеді. Айта кетейік, бір палаталы жоғары заң шығарушы органның 145 мандаты үшін 7 партияның 545 кандидаты бақ сынады.

Осы тұста айта кетейік, саяси ұйымдарға қанша мандат бұйыратыны әзірге белгісіз. Құрылтай депутаттары Орталық сайлау комиссиясының соңғы қорытындысы шыққан соң анық болады.
Айта кетейік, дауыс беру барысын қазақстандық 51 мыңнан астап ұлттық байқаушы, 777 халықаралық байқаушы бақылады. Сондай-ақ саяси науқан барысынан 1852 отандық, 117 шетелдік масс-медиа өкілдері ақпарат тартатты.



Бөлісу