Басты Жаңалықтар Әлемдік БАҚ Құрылтай жайында ақпарат таратты

Әлемдік БАҚ Құрылтай жайында ақпарат таратты

Еліміздегі саяси оқиға - Құрылтай сайлауы туралы әлемнің түрлі агенттіктері мен телекомпаниялары, газеттері мен интернет-басылымдары да жексенбіден бері хабар таратып жатыр. Солардың бірнешеуіне тоқталсақ.

Дойче Велле: Германияның «Дойче Велле» медиакомпаниясы елімізде өткен Құрылтай сайлауын назардан тыс қалдырған жоқ. Сайттағы мақалада бір палаталы парламентке үмітті партиялардың тізімі жарияланған. Бұған қоса, Құрылтайда 145 депутат болады. Олар әр 5 жыл сайын сайланатын, сондай-ақ елде 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енгені хабарланған.
Интерфакс: Елімізде өткен Құрылтай сайлауы туралы Ресейдің «Интерфакс» агенттігі де жазды.  Мақала «Қазақстанда бір палаталы парламент - Құрылтайдың құрамы сайланды» деп басталады. Экзитполл мәліметтері келтіріліп, нақты нәтижесі 1 қыркүйектен кешіктірілмей жария етілетіні атап өтілген.
Open.kg: Сайлау туралы мәлімет Қырғызстандық OPEN.KG онлайн-ақпараттық басылымында да жарық көрді.  Автор еліміздегі бірнеше институт жүргізген экзит-полл деректерін жария еткен. Бұған қоса, Құрылтай сайлауында «Әділет» партиясы басым түскеніне тоқтала кеткен.
Newscord: Британиялық Newscord AI-платформасы болса, әлемдік басылымдарда Құрылтайға қатысты жарық көрген материалдарға шолу жасаған. Оқиға тек бір дереккөзден емес, бірнеше басылымды сараптау арқылы баяндалған. Платформада жарияланған мақала «Әділет партиясы Құрылтай сайлауында жеңіске жетті» деп аталады. Бұл мәлімет экзит-полл деректеріне сүйеніп берілген. 


Бөлісу