Басты Жаңалықтар Еуропадағы қазақстандықтар белсенді дауыс берді

Еуропадағы қазақстандықтар белсенді дауыс берді

Еуропа елдеріндегі қазақстандықтар да Құрылтай сайлауына белсенді қатысты. Соңғы сағаттарда қандастарымыз өзінің Конституциялық құқын пайдалануға асықты.

Венгрия

Мажарстандағы фольклорлық фестивальға барған қазақстандық қолөнершілер еліміздің осы мемлекеттегі елшілігінде орналасқан №-407-сайлау учаскесінде дауыс берді. Будапешттегі сайлауға қатысуға тіркелген 264  адамның дені түс ауғанша азаматтық борышын өтеп үлгерген.

Италия

Италиядағы қазақстандықтар еліміздің осы мемлекеттегі елшілігінде орналасқан 409-сайлау учаскесінде дауыс берді.  Жастар ерекше белсенділік танытты. Дауыс беру барысында заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын учаскелік сайлау комиссиясы қадағалады.

Финляндия
Финляндияда оқу, жұмыс бабымен тұрып жатқан қазақстандықтар да саяси науқанға асқан жауапкершілікпен қатысты. Осы жаққа уақытша қоныс аударған қазақстандық өзге ұлт өкілдері де Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жасалып жатқан реформалардың жүзеге асуы үшін дауыс бергендерін айтады.

Роман Воронен, Қазақстан азаматы:
Дауыс беру мен үшін өте маңызды оқиға. Отаным Қазақстанда туып, өстім, оқыдым, ең бақытты күндерім сонда өтті. Сондықтан, елімде болып жатқан тың өзгерістерге қуанып, сайлауда азаматтық борышымды өтедім.


Бөлісу