Халықаралық байқаушылар: Заң талаптарына сай өтті
Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының халықаралық миссиясы Алматыдағы сайлау учаскелеріндегі дауыс беру мен дауыстарды санау барысын бақылады. Бүгін олар сайлау заң аясында, халықаралық талаптарға сай өтті деген қорытынды жасады. Байқаушылардың айтуынша, олардың жұмысына мемлекеттік органдар тарапынан кедергі болмаған. Сондай-ақ миссия өкілдері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдайға да ерекше тоқталды. Сайлау учаскелерінде пандустар, Брайль қарпіндегі арнайы үлгілер мен басқа да көмекші құралдар қарастырылғанын айтты.
Хикмат Маммадов, байқаушы /Әзербайжан/:
Құрылтай сайлауына 7 партияның қатысуының өзі елдегі демократияны білдіреді. Меніңше, бұл сайлау Қазақстанның саяси институттарын дамыту жолындағы маңызды кезең болды деп ойлаймын. Сонымен қатар Қазақстан тарапына байқаушылардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс білдіремін. Қазақ елін тұңғыш бір палаталы Құрылтайдың құрылуымен құттықтаймын.
Ұлықбек Карбекуулу, Қырғыз Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты:
Шарттар, талаптар айқын болды. Ең бастысы бізге ешкім кедергі болған жоқ. Сайлау учаскелеріне еркін кіріп, бізді қызықтырған барлық жағдаятты өз көзімізбен көріп, бақыладық. Кешкісін дауыс санау барысына да куә болдық.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАқтөбе облысында тағы бір ауылға газ берілді
24.08.2026, 17:33
Түркістанда өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылды
24.08.2026, 17:30
ШҚО-да 4 мың адамды кене шаққан
24.08.2026, 17:27
Ақмола облысында 1,3 млн тонна астық бастырылды
24.08.2026, 17:25
Қытайда тасқыннан 54 мыңдай адам үйлерін тастап кетті
24.08.2026, 17:22
Иранның ұлттық валютасы құнсызданып барады
24.08.2026, 17:20