ШҚО-да 4 мың адамды кене шаққан
Шығыста биыл көктемнен бастап бүгінге дейін 4 мың адамды кене шаққан. Салдарынан 14 адам кене энцефалитін, ал 10 адам кене боррелиозін жұқтырған. Дегенмен зиянкестен зардап шеккен науқастардың барлығы да емделіп шықты. Эпидемиолог мамандардың айтуынша, Өскемен, Риддер, Алтай, Үлкен Нарын мен Зайсан ауданыны кененің табиғи ошағы саналады. Жаздың соңына қарай улы зиянкестердің қайтадан таралатын кезеңі басталады. Сондықтан мамандар халыққа табиғат аясына шыққанда етек-жеңі жабық киім киіп, аса сақ болуды ескертеді. Ал облыста кене энцефалитіне қарсы егілетін иммуноглобулин қоры жеткілікті екенін айтады.
Сәуле Сләмғазина, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында иммуноглобулин жеткілікті. Шығыс Қазақстан Денсаулық сақтау басқармасы жыл басында облысымызға 30 литр кенеге қарсы иммуноглобулин сатып алды. Негізі жылына біздің облысымызға 24-26 литр қажет.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18