Амандасуда ұлттық әдеп бар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың амандасу әдебіне қатысты айтқан пікірін қаламгерлер мен ғалымдар да қолдап отыр. Олардың айтуынша, қазақ дәстүрінде сәлемдесудің өзіндік жөн-жосығы болған.
Яғни, жасқа, жынысқа және үлкен-кішіге қарай қалыптасқан әдеп нормалары ұлттық тәрбиенің маңызды бөлігі саналған. Кішінің үлкенге ізетпен сәлем беруі, келіннің сәлем салуы – соның айқын көрінісі. Ал құшақтасып көрісудің де қазақ дәстүрінде өзіндік орны мен мәні бар.
Нұрлан Оразалин, ақын, драматург:
Амандасудың екінші баламалы үлгісі бар. Ол – көрісу. Көрісудің халықтың санасында сақталған екі қанаты бар. Біріншісі – аза тұтып, қаралы болған үйге көрісіп келеді. Екінші - біздің жаңа жылымыз Наурыз мерекесін қарсы алып жатқан кезде айналасына, аймағына тілек тілеу. Бұл сол кезде амандасып-құшақтасып жатады. Бір жылға аман жеттік дейді.
Қансейіт Әбдезұлы, филология ғылымдарының докторы, академик:
Президенттің сөзі өте орынды. Өте дұрыс. Яғни, өзіміздің тамырымызға оралуымыз керек. Біздің үлкен кісілер, ақсақалдар алыстан амандасқан. Көбінесе сол қолын кеудесіне қойып, оң қолымен қолын беріп амандасқан. Өзімен тең дәрежеде, қатар кісілер солай амандасқан.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18