Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
Құрылтай сайлауымен қатар онлайн-марафон да өтті. Тікелей эфир барысында саяси, экономикалық және әлеуметтік бағыттағы 15 өзекті мәселе талқыланды. Сарапшылар пікірін ортаға салып, елдегі маңызды өзгерістерге тоқталса, көрермендерге арнайы концерттік бағдарламалар ұсынылды.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйытқы болуымен жалпыұлттық online-марафон елдегі барлық медиа өкілдерін бір алаңға жинады. 16 сағат болған ауқымды жобада сайлау барысынан үздіксіз хабар, қоғамды алаңдатқан сан түрлі тақырыпта талқы өтті.
Индира Рыстина, саясаттанушы:
Марафонның 1 күндік емес, жалпы кезеңдік маңыздылығы бар. Бұл марафон кезінде тек саяси ақпарат қана емес, жалпы елімізде орын алып жатқан ірі бастамалар талданып жатыр. Жаңа Конституция негізінде қалыптасқан «Адал азамат», «Заң және тәртіп» принциптерін жан-жақты талқылап, ашып сарапшылардың талқылауын да осы марафон аясында көріп отырмыз.
Touch Screen арқылы әр сала бойынша негізгі статистикалық көрсеткіштер мен рейтингтер ұсынылды. Әр 2 сағат сайын меншікті тілшілер шетелдегі дауыс беру нәтижелерін баяндады. Тікелей қосыдымжао Астанадан ғана емес, Алматы мен Шымкенттегі скай студиядадан да ұйымдастырылды.
Эфир барысында үш мегаполистің тыныс-тіршілігі көрсетіліп, қалалардың көрікті жерлерінен репортаждар, тұрғындармен және түрлі сала өкілдерімен сұхбаттар болды.
Руслан Ибраев, Қазақстандық қоғамдық даму институты орталығының бас сарапшысы:
Бүгінгі сайлау барысында марафонның ұйымдастырылуы саясат, экономика, әлеуметтік сала - бәрін бір күнге сыйдыртып, әртүрлі сарапшыларды шақырып осы жерге, мемлекет өкілдерін шақырып, осындай іс-шара өткізу - маңызды қадам.
Осылайша, елдің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған көрермен Құрылтай сайлауын тамашалай алды. Трансляциядан бөлек, ақпараттар «Онлайн марафон – 2026» Telegram арнасында жарияланды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы