«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
Ақтауда жаңа оқу жылына дайындық барысында мектеп аумақтары абаттандырылып жатыр. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы «Жаңа оқу жылына - таза мектеп» науқанына нөмірі 34 мектептің ұстаздары мен қызметкерлер атсалысты. Олар мектеп ауласын тазалап, көгалдандырды. Сонымен қатар, білім беру ұйымының аумағына бұған дейін отырғызылған ағаштар мен гүлдерге күтім жасалды.
Ерсұлтан Сәрсен, физика пәнінің мұғалімі:
Мектебіміз жаңа ашылғанына қарамастан, осындай сенбіліктер, абаттандыру жұмыстары жиі ұйымдастырылып отырады. Әрине бұндай жұмыстардың негізгі мақсаты оқушыларға және аудандағы тұрғындарға, қала тұрғындарына үлгі болу. Міне осындай сенбіліктерге жиі қатысып тұруға тырысамыз және барынша өзіміздің үлесімізді қосамыз.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09
Президент дарынды оқушыларды марапаттады
24.08.2026, 20:08