Қазақстандық медиамамандар тағылымдамадан өтті
Бір топ қазақстандық журналист Түркияда бір апталық тағылымдамадан өтті. Елдің ең ірі медиахолдингі ТРТ академиясында 11 қазақстандық медиа маман біліктіліктерін арттырды. ТРТ академиясында тілшілер жасанды интеллектінің медиадағы мүмкіндіктері тақырыбын қаузады. Қазақстандық журналистер түркиялық әріптестерінің осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарымен де танысты. Тағылымдаға қатысушылар дәріс тыңдап қана қоймай, алып арнаның материалдық-техникалық базасымен де танысты. Әлемнің 41 еліне хабар тарататын медиахолдинг заман талабына сай жаңалықтар платформасымен жабдықталған. ТРТ телерадиокорпорациясы Қазақстанның медиа мамандарын осымен 11-ші жыл қабылдап отыр. Бүгінге дейін отандық ақпарат құралдарының 300-ге жуық өкілі тағылымдамадан өтіп, тәжірибе жинақтаған.
Tелеарнадағы осы цифрлық журналистика бойынша, жасанды интеллект технологиялары бойынша құрылымдық бөлімшелері жеке-жеке құрылғаны жөнінде ақпарат алып жатырмыз. Ол да біз үшін, біздің телеарналарда енгізуге болатын тәжірибе деп есептеймін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы