Халық бұлақтың көзін ашты
Түркістан облысының Сайрам ауданында Қарабұлақ ауылының тұрғындары жиналып, «Қарасу» бұлағының айналасын қоқыстан арылтты. Ауқымды тазалық шарасына 1300-ден астам адам мен 27 техника жұмылдырылды. Көпшілік қураған ағаштардың бұталарын кесті, аллея мен көпір шеті сырланып, көшенің көркі кірді. Экологиялық акция барысында ауданның бірқатар елдімекендерінде тазалық жұмыстары қатар жүргізілді. Соның арқасында 75 шақырым көше мен 32 шақырым аяқжол тазаланды. 14 шақырым аумақтағы арамшөп орылды. 6 саябақ пен 7 аллея абаттандырылды.
Осы бұлақ қараусыз қалып кеткен, қазіргі таңда көзін ашып, осы ауыл тұрғындары демеушілік есебінен осы жерді абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүрді. Сол сияқты Қарабұлақта әлі 7 бұлағымыз бар. Одан бөлек біз аудан бюджетінен ақша құйып, Қарабұлақ ауылдық округінде үлкен демалыс орны, мынау Шымкенттегі Қошқар ата секілді аллея салуды жоспарлап отырмыз.
Ал Павлодар облысының Ақсу қаласында «Жасыл Ел» штабының
өкілдері Jasyl Vibe экологиялық
сенбілігін өткізді. Жастар қала аумағын тазартып, бірнеше сағаттың ішінде 30
қап қоқыс жинады. Қоршаған ортаға жанашырлық әрдайым ауқымды жобалардан
басталуы шарт емес, өз айналаңды таза ұстасаң соның өзі жеткілікті дейді
белсенді жастар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы