Басты Жаңалықтар Атырау облысында 6 мектеп пайдалануға беріледі

Атырау облысында 6 мектеп пайдалануға беріледі

Атырау облысында жаңа оқу жылына 6 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның 4-уі облыс орталығында болса Құлсары қаласы мен Құрманғазы ауданында 2 мектеп іске қосылады. Сондай-ақ, тағы 2 мектептің құрылысы қазан айында аяқталады. Солардың бірі қала іргесіндегі «Еркінқала-2» ықшам ауданындағы білім ордасы. Мұндағы 35 сынып кабинеті бір ауысымда 600 оқушыны қабылдай алады. Қазір құрылысы толық аяқталған. Жаңа жобамен салынған ғимаратта оқушылар үшін барлық жағдай бар.

Аян Халиуллин, мердігер мекеме басшысы:
11 бастауыш класс бар. 24 сынып үлкен класстарға бар. Өзінің  600 шаршы метрді құрайтын спорт залы бар. Акт залы бар 230 орындық. Өзінің асханасы болады осы мектеп ішінде жаңа технологиямен жабдықталған 180 орындық.

Биыл облыстағы 210 мектептің табалдырығын 155 мың 500 шәкірт аттайды. Бұған дейін 3 ауысыммен оқытып келген 5 мектептің қатары 3-ке азайды. Қосымша 7 апатты мектеп сүріліп, жаңа ғимараттың құрылысы қолға алынбақ. Алдағы 2 жылда тағы 10 мектеп салу жоспарланып отыр. 
Марат Әбуов, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

Атап айтатын болсақ, жергілікті бюджеттен салынып жатқан мектептер: Еркінқала-2 ықшам ауданынан, Дамбы ауылынан және Көктем-2 ықшам ауданынан беріледі. Сонымен қатар Индер ауданынан Есбол ауылындағы 320 орындық мектептің құрылысы және Тасқала-2 ықшам ауданындағы мектептің құрылысы жыл аяғына дейін тапсырылатын болады.


Бөлісу