Алматыда көзді тегін тексеріп жатыр
Алматылықтардың көру қабілетін тегін тексеру науқаны жалғасып жатыр. 3 шілдеде басталған шара аясында Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының арнайы жабдықталған мобильді орталығы қаладағы емханаларды аралап, тұрғындарға офтальмологиялық диагностика жүргізуде. Қажет болған жағдайда мамандар пациенттерге қосымша тексеруге және ем алуға жолдама береді. Бүгін мобильді офтальмологиялық орталықтың диагностикалық автобусы Ұлттық госпитальге аялдады. Бір автобустың ішінде бірнеше медициналық кабинет пен заманауи құрылғы бар. Мұнда тұрғындар көзін жан-жақты тексертіп, бұрын байқамаған ақауларын анықтай алады.
Сауалнама:
- Ғылыми зерттеу орталығынан көз ауруларының білікті мамандары келіп жатыр екен. Тегін кеңес беріп. Сол кісілердің қабылдауында болдым. Өзімінің шағымдарым бойынша жауап алдым деп ойлаймын. Көзіме керекті дәрілер тағайындап берді. 4 түрлі этаптан өттім. Ешқандай ауырынсынбай, қорқынышсыз, өте жақсы.- Поликлиникаға барсаң әртүрлі кабинеттерге кіресің ғой. Әрқайсысында кезек. Ал мына жерде бір жерден тексере салу ыңғайлы.- Міне, тексерілдім. Бәрі жақсы. Рахмет. Жақсы-жақсы, бәрі жақсы. Тез-тез жасады.
Көз аурулары көп жағдайда бірден белгі бермейді. Ал мобильді орталықтың мақсаты – мәселені асқындырмай тұрып анықтау. Мамандардың айтуынша, тексерілген әрбір екінші пациентте көзінің құрғақтығы анықталып жатыр. Жастар арасында жақыннан көрмеу жиілеген. Бұдан бөлек, катаракта мен глаукома диагнозы қойылған тұрғындар да дәл осы көпшелі орталықта анықталып жатыр екен. Дәрігерлер алдағы уақытта жабдықталған автобуспен мектептер мен ірі кәсіпорындарға да баруды жоспарлап отыр. Ал Ұлттық госпитальдегі қабылдау ертең де жалғасады.
Руслан Асымжанұлы, Ұлттық госпиталь директорының емхана жөніндегі орынбасары:
Біздің дәрігерлеріміз науқастарды шақырып, өздері ертемен келіп осы жерде диагностикадан өтуі мүмкін. Тағы да Алматы қаласының тұрғындары осында келуіне болады. Күнде 50-70 адамға дейін қаралады. Осы диагностика бойынша көз ауруларын диагностика немесе әрі қарай қалай емдеу керек, соның бәрін науқастарға, адамдарға айтып, түсіндіріп кетеді.
Адамдар күнделікті күйбең тірлікпен уақытында көз дәрігеріне бара алмауы мүмкін. Сондықтан біз өзіміз оларға келіп жатырмыз. Осы уақытқа дейін Наурызбай, Түрксіб, Алатау және Бостандық аудандарындағы 10 емханаға барып, 700 науқасты тексеріп үлгердік. Жыл соңына дейін тағы 5 емханаға баруды жоспарлап отырмыз. Халық саны көп және офтальмолог мамандары жетіспейтін емханаларды қамтуға басымдық береміз. Алдағы уақытта осындай тағы екі жабдықталған автобус сатып алуды көздеп отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы