Басты Жаңалықтар Ел жаңалықтарына шолу

Ел жаңалықтарына шолу

2 және 5 пайыздық ипотека талаптары өзгереді

Қазақстанда жылдық екі және бес пайызбен жеңілдетілген ипотека алатындарды тізімі өзгереді. Жеңілдетілген ипотека енді тек сегіз санатқа беріледі. Олардың қатарында жетімдер, I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар, ардагерлер және көпбалалы отбасылар бар. Ал 5 пайыздық ипотекада табысқа қойылатын шектеу алынып тасталды. Жаңа талаптар 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Онкологиялық ауруларды ерте анықтау мүмкіндіктері кеңейді
Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте анықтау мүмкіндіктері кеңейе түсті. Биыл алты айда ПЭТ/КТ зерттеулері 21,6%-ға артып, 17,4 мыңға жетті. Сәулелік терапиямен қамту 65%-ға дейін өсті. Ал протондық терапия алғаш рет қолжетімді болды.
Бизнеске арналған AI-навигаторды іске қосты
Елімізде бизнеске арналған AI-навигатор пилоттық жобасы іске қосылды. Жаңа сервис кәсіпкерлерге заңнамадағы өздеріне қатысты міндетті талаптарды жылдам табуға көмектеседі. Жасанды интеллект қолданыстағы нормативтік құжаттарды автоматты түрде талдап, бизнеске қойылатын талаптарды жүйелейді және өзгерістерді жаңартып отырады.
Павлодар мен Новосібір арасында ұшақ ұшады
Павлодар мен Новосібір арасында әуе рейстері қайта жанданады. 1 қыркүйектен бастап «Сибирь» әуе компаниясы бұл бағытта күн сайын ұшады. Рейс 2018 жылы тоқтаған еді, енді сұраныстың артуына байланысты қайта іске қосылмақ.


Бөлісу