Басты Жаңалықтар Петропавлда Абылай ханға арналған конференция өтті

Петропавлда Абылай ханға арналған конференция өтті

Петропавл қаласында Абылай ханның 315 жылдығына орай «Абылай хан мұрасы: тарих, тағылым және ұлттық құндылықтар» атты халықаралық  ғылыми-практикалық конференция өтті.

Жиынға Жапония, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген тарихшылар, зерттеуші ғалымдар, өлкетанушылар мен музей қызметкерлері қатысты. Конференцияда Абылай хан дәуірі, қазақ мемлекеттілігінің нығаюына қосқан үлесі,  дипломатиялық байланыстары мен ел бірлігін сақтаудағы еңбегі айтылды. Шара аясында Абылай ханға қатысты жаңа зерттеулер мен тың деректер таныстырылып, тарихи мұраны сақтау және насихаттау мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Конференцияға қатысушылар тарихи тұлғаның ескеркішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Сонымен қатар хан резиденциясына экскурсия ұйымдастырылды.

Ақмарал Досжанова, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар университетінің аға оқытушысы:

Абылай хан қазақ дүниетанымына қалдырған мұрасы – бұл біздің ұрпақ сабақтастығының жалғасы деп оайламын. Осы мұражайды көру арқылы, біздің ұрпақтарымыз, жастарымыз Абылай ханның осындай дүниетанымын көрсе, үлкен жетістікке жетер еді деп ойлаймын.


Бөлісу