Әлем жаңалықтарына шолу
Иран АҚШ санкцияларына дайын екенін мәлімдеді
Вашингтон Тегеранға қарсы ауқымды экономикалық
санкциялар жариялады. Шектеулер Иранның авиация, цифрлық активтер, алтын, кеме қатынасы
мен технология салаларын қамтымақ. Бұған қоса АҚШ Иранмен қаржы байланыстарын үзбеген
елдерге қатысты да шара қолданатынын ескертті. Ал Тегеран экономикалық
санкцияларға төтеп беруге толық дайын екенін мәлімдеп отыр.
Францияда құйыннан 40 адам жараланды
Францияның оңтүстігінде құйын көтеріліп, 40 адам жараланды. Үш жүздей үйге зақым келген. 2 мыңнан астам тұрғын электр жарығынсыз қалып, жолдарда көлік қатынасы тоқтады. Табиғи апаттан Бордо, Марсель, Ницца мен Париждің солтүстігіндегі әуежайларда ұшақ рейстері кешігіп, доғарылған.
Боливияда қар борап, әуе рейстері доғарылды
Боливияда қар борап, автомагистальдар жабылып, отын тапшылығы күшейіп, авиациялық рейстер доғарылып жатыр. Елдің Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәлімдеуінше, Ла Паспен бірге Оруро, Потоси, Кочабамба аймақтарында да қауіпті ахуал қалыптасқан. Сондықтан бұл елді-мекендерде қауіптің сарғылт түсі жарияланды.
Гуманоид робот жүгіруден Усейн Болттың рекордын жаңартты
Қытайда гуманоид робот 100 метрге жүгіруден әлемдік рекордты жаңартты. Ол осы қашықтықты небары 9,39 секундта бағындырып, әйгілі желаяқ Усейн Болттан асып түскен. Болт 2009 жылы Берлинде 100 метрді 9,58 секундта жүгіріп өткен еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы