Шымкентте жаңа өндірістің арқасында 13 мың жұмыс орны ашылады
Шымкентте жаңа өндіріс орындары көбейді. Алдағы бес жылда қалада 164 жоба жүзеге асады, экономикаға 4,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылмақ. Жаңа жобалар көбейген сайын оларды іске асыратын өндірістік алаңдар керек. Бұл мәселе қалай шешіледі? Әріптесім Ернұр Уәлихан анықтады.
Шымкентте қазір 800-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Жыл басынан бері олар 817 млрд теңгеден астам өнім өндірген. Қалаға тартылған инвестиция көлемі де 300 млрд теңгеден асты. Өндіріс көлемі артқан сайын жаңа жобаларды іске асыратын орын керек. Қазір қолданыстағы индустриалды аймақтардың 90 пайызында бос жер жоқ.
Нұрсұлтан Сүлейменов, қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:
Қазіргі таңда 4 индустриялық аймақта кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1 индустриялық аймақ құрылып жатыр. Оларлың жалпы көлемі 2096 гектар. Келетін инвестиция көлемі 900 млрдтан асады. Жұмыс орны 13 мыңнан асады деп жоспарлап отырмыз.
Жаңа жобалар үшін қалада дайын өндірістік нысандар да көбейіп келеді. Соның бірі Жұлдыз индустриалды аймақтағы парк. Мұнда жалпы көлемі 50 мың шаршы метрге дейінгі өндірістік ғимараттар бар.
Ернұр Уәлихан, тілші:
Инвестицияның нақты нәтижесі — жаңа өндірістер. Біз тұрған өндірістік парктің алғашқы кезеңіне 8,3 млрд теңге инвестиция салынған. Мұнда кәсіпкерлер ғимарат салуға уақыт жоғалтпай, дайын алаңға орналасып, жұмысын бірден бастай алады. Қазір мұнда үш өндіріс қатар жұмыс істеп тұр.
Парк аумағындағы
кәсіпкерлердің бірі қазірдің өзінде өнім шығара бастаған. Мұнда жылы еден жүйелері,
сантехникалық құбырлар мен декор панельдері өндіріледі. Сапалы өнімге сұраныс
та жоғары.
Бақытжан Социалов, қойма меңгерушісі:
Бізге осындай дайын нысанға келіп жұмыс істеу өте ыңғайлы. Өзіміздің дайын технологиямызды әкеліп, осы жерде жұмысымызды жалғастырудамыз. Тәулігіне 20-30 тонна дайын өнім шығарамыз. Осының арқасында біз Қазақстанның бүкіл қалаларын сантехникалық өніммен қамтамассыз етіп жатырмыз.
Жұлдыз индустриалды аймағының өзінде 78 жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны 270 млрд теңгеге жуықтайды. Ал металлургия саласындағы жобалар үшін мың гектардан астам аумақта Темір индустриялық аймағы құрылмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы