Сербия депутаты: Сайлау халықаралық талапқа сай өтті
«Қазақстандағы сайлау халықаралық заң талаптарына сай өтті».
Сербия парламентінің депутаты Александр Чотрич осылай дейді. Елдегі ахуалды сырттан бақылап отырған саясаткер барша қазақстандықтарды сайлаудың сәтті өтуімен құттықтайды. Оның айтуынша, заң шығарушы органды бір палатада шоғырландыру Парламенттің тиімділігін арттырып, депутаттардың халықпен қоян-қолтық жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Депутат, елдегі ауқымды реформалар Қазақстан мен Сербияның парламентаралық ынтымақтастығын одан әрі нығайтады деген сенімде.
Александр Сотрич, Сербия парламентінің депутаты:
Сайлау барлық халықаралық стандарттарға сай, ешқандай заң бұзушылықсыз өтті. Конституциялық реформаларға сәйкес жақын арада Парламенттің жаңа құрамы жасақталатынына қуаныштымыз. Бір палаталы Парламент депутаттар арасындағы теңдікті қамтамасыз етіп, олардың сайлаушылармен қатынасын бекемдейді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен реформалар одан әрі жалғасатынына сенімдімін.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18