Қызылорда облысындағы мектеп асханаларында талаптар бұзылған
Қызылорда облысында оқу маусымы алдында мектеп асханалары жіті қадағаланды. Мамандар жазғы маусымда 280 білім ошағының тамақтану орындарын тексеріп, соның 165-інде түрлі кемшілік барын анықтаған.
Атап айтқанда, асханалардың желдету жүйелеріндегі ақаулар, асүй жабдықтары мен ыдыстардың жеткіліксіздігі, тоңазытқыштардың істен шығуы секілді олқылықтар тіркелген. Облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тамақтандыруды ұйымдастыратын кәсіпкерлерге тиісті шара қолданды. Нәтижесінде 138 мектептің асханасы талапқа сай кемшіліктерді түзетіп үлгерген. Тағы 18 жеке кәсіпкер асханасын қайта жабдықтап, оң қорытынды алып отыр.
Алмаш Шуақбаева, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
Осы орындалуы бойынша тамыз айының 10-нан бастап жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, бүгінгі таңда орын алған бұзушылықтардың 90 пайызы қалыпқа келтіріліп, жаңа оқу жылында балаларды қабылдауға, яғни қауіпсіз тамақтандыру ұйымдастыруға дайын.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18