АҚШ пен Канада арасындағы сауда шиеленісті
АҚШ пен Канада арасындағы сауда шиеленісі жаңа кезеңге өтті. Оттава Вашингтонның әрекетіне жауап ретінде қарымта баж салығын енгізетінін мәлімдеді.
Солтүстік Американың екі көршілес елі арасында сауда шиеленісі күшейді. Канада АҚШ-тан жеткізілетін 700-ге жуық тауар түріне 15, 25 және 50 пайыз мөлшерінде баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Ол болат, алюминий, жиһаз, тұрмыстық техника электроника және теңіз өнімдерін қамтиды. Тарифтер 8 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Америкалық тауарларға салынатын алым көлемі 20 миллиард долларға жуықтайды.
Франсуа Филипп Шампань, Канаданың қаржы министрі:
Канада долларға-доллар, пайызға-пайыз деп, америкалық тарифтерге қарымта баж салығын жариялайды. Қазіргі тарифтер, оның ішінде автомобильдерге енгізілген баж салығы күшінде қалады. Қарымта тарифтер ең алдымен АҚШ-тың әрекетінен зардап шеккен отандық өнеркәсіпті қорғауға бағытталған.
Канада жаңа тарифтерден зардап шегетін кәсіпорындар мен жұмысшыларды қолдау үшін 7,5 млрд канадалық доллар көлемінде көмек пакетін де жариялады. Оның аясында шағын және орта бизнеске қаржылық қолдау көрсетіледі.
Канадалық тауарды көрсеңіз, соны таңдаңыз. Сауда соғысының осы жаңа кезеңінде отандық өнімді сатып алу арқылы сіз АҚШ-қа қысым жасап қана қоймай, елдегі жұмыс орындарын да сақтап қаласыз.
Скот Бессент, АҚШ қаржы министрі:
Өткен аптада тиімді ұсыныс жасалған еді. Алайда Канада оны қабылдаған жоқ. Өкінішке қарай, Премьер-министр Карни Америкаға, Трампқа қарсы платформамен билікке келді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы