IMD зерттеуі: Қазақстан бәсекеге қабілетті экономика рейтингінде топ-40-қа кірді
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті экономикалардың халықаралық рейтингінде 38-орынға ие болды. Осылайша Қазақстан ТМД елдері арасында бұл тізімге енген жалғыз ел болды. Бұл туралы IMD World Competitiveness Center жариялаған жаһандық зерттеу қорытындысында айтылған.
Швейцарияның IMD World Competitiveness Center орталығы жыл сайын әлемнің 70 елінің экономикасын төрт негізгі бағыт бойынша бағалайды. Олар - экономикалық көрсеткіштер, мемлекеттік басқару тиімділігі, бизнес тиімділігі және инфрақұрылым. Биылғы рейтингте Қазақстан 65,4 балл жинап, 38-орынға жайғасты.Рейтингтің алғашқы ондығына әлемнің жетекші елдері кірді. Сингапур 100 балмен 1-орынға жайғасса, одан кейін Гонконг - 95,6 балл, Швейцария - 95,3 балл, Тайвань - 94,3 балл, Біріккен Араб Әмірліктері - 94,1 балл, Дания - 94,1 балл, Ирландия - 94,1 балл, Нидерланд - 90,1 балл, Швеция - 88,5 балл және АҚШ - 86,8 балл жинады.
Рейтингте Қазақстан өз көрсеткіштері бойынша Испания, Португалия, Польша, Италия және Аргентина секілді бірқатар елден жоғары тұр.
Фото: интернеттен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32