Депутаттар жүргізуші куәлігін беру тәртібін өзгертуді ұсынды
Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу үшін 6 ай кезекте тұруға мәжбүр. Жазылу тәртібі де жарияланбайды. Қай орынның кімге және қалай берілгенін тексеру мүмкін емес. Құрылтай депутаттары Ішкі істер министрлігіне осылай деп сауал жолдады. Олар теориялық емтихан қабылдау уақытын ұзартып, бірнеше жаңа база жасақтауды ұсынды. Практикалық емтихан тек халыққа қызмет көрсету орталықтарының автодромдарында қабылданады. Бұл ретте жеке автодромдары бар алдыңғы қатарлы автомектептердің мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Ең маңыздысы жүргізуші куәлігін алу кезіндегі жемқорлық деректерінің алдын алу жолдары да ұсынылды.
Мейраш
Шынасылова, Құрылтай депутаты:
Емтиханға жазылу кезінде делдал қызметі болмауы қажет. Осыған байланысты емтиханға жазылуды тек eGov және eGov Mobile арқылы жүзеге асыруды және бос орындарды автоматты түрде бөлудің ашық әрі қорғалған тетігін енгізуді ұсынамыз. Бұл кезекті сатып алу-сатуға жол бермей, емтиханға жазылу мүмкіндігін барлық азамат үшін тең қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вице-Президент этносаралық келісімді нығайту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді
08.10.2026, 20:32
Жеті жылда 536 спорт нысаны салынды
08.10.2026, 20:30
Almaty SuperSki: Туризм мен білімге жаңа мүмкіндік
08.10.2026, 20:27
27 жас Мемлекеттік күзет қызметіне аттанды
08.10.2026, 20:23
Қазақ дипломаттары туралы кітаптың тұсаукесері өтті
08.10.2026, 20:21
Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс артып келеді
08.10.2026, 20:20
«Әділет Керуені»: Шығыс Қазақстанда көшпелі қабылдау өтті
08.10.2026, 20:15
Кейбір дәріханалар мерзімі өткен өнімдерді сатқан
08.10.2026, 20:14