Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытына айыппұл салынды
Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытына экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл салынды.
Кәсіпорында
жүргізілген жоспарлы тексеру кезінде қауіпті қалдықтарды бөлек жинау тәртібі
сақталмаған. Кейбір өндірістік материалдарды арнайы орынға жинамаған. Осыған
байланысты компанияға анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді.
Бұдан бөлек, заңбұзушылықтарға қатысты үш бап бойынша әкімшілік хаттама
толтырылып, 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Айдос Жүсіпов, облыстық Экология департаменті басшысы орынбасарының м.а.:
Анықталған экологиялық заңбұзушылықтарға келетін болсақ, яғни қауіпті қалдықтарды жинақтау кезінде талаптарды сақтамағандығы анықталды. Қауіпті қалдықтар мен қауіпсіз қалдықтар бір-бірімен араласқандығы, сонымен қатар оларды қадағалау жұмыстары толыққанды атқарылмағандығы белгілі болды. Қазіргі таңда айыппұл толығымен өндірілді. Біздің берілген нұсқама да қалпына келтірілді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вице-Президент этносаралық келісімді нығайту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді
08.10.2026, 20:32
Жеті жылда 536 спорт нысаны салынды
08.10.2026, 20:30
Almaty SuperSki: Туризм мен білімге жаңа мүмкіндік
08.10.2026, 20:27
27 жас Мемлекеттік күзет қызметіне аттанды
08.10.2026, 20:23
Қазақ дипломаттары туралы кітаптың тұсаукесері өтті
08.10.2026, 20:21
Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс артып келеді
08.10.2026, 20:20
«Әділет Керуені»: Шығыс Қазақстанда көшпелі қабылдау өтті
08.10.2026, 20:15
Кейбір дәріханалар мерзімі өткен өнімдерді сатқан
08.10.2026, 20:14