Ірі су қоймаларда м³57,9 млрд су жиналған
Елдегі ірі су қоймаларда 57,9 млрд текше метр су жинақталған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтылды. Биыл 1,2 млн гектар суармалы жерді суаруға шамамен 11 млрд текше метр су берілген. Су ресурстарын үнемдеу мақсатында күріш алқабының көлемі 21,6 мың гектарға қысқартылды. Заңсыз су пайдалану фактілері бойынша 17 мың гектардан астам жерді суарған 251 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тиісті шарттарсыз 5,5 мың гектар жерді суарудың 929 фактісі анықталды.
Сейілбек Нұрымбетов, Су ресурстары және ирригация министрлігінің су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы:
Алғаш рет «Қазсушардың» жұмыстары толықтай цифрландырылды. Қолма-қол есеп айырысу алынып тасталды. ЖИ-мен суармалы жерлерге мониторинг енгізіліп, суды заңсыз әкелгендерге тиісті рәсімдеу шаралары атқарылды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вице-Президент этносаралық келісімді нығайту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді
08.10.2026, 20:32
Жеті жылда 536 спорт нысаны салынды
08.10.2026, 20:30
Almaty SuperSki: Туризм мен білімге жаңа мүмкіндік
08.10.2026, 20:27
27 жас Мемлекеттік күзет қызметіне аттанды
08.10.2026, 20:23
Қазақ дипломаттары туралы кітаптың тұсаукесері өтті
08.10.2026, 20:21
Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс артып келеді
08.10.2026, 20:20
«Әділет Керуені»: Шығыс Қазақстанда көшпелі қабылдау өтті
08.10.2026, 20:15
Кейбір дәріханалар мерзімі өткен өнімдерді сатқан
08.10.2026, 20:14