Басты Жаңалықтар Алматыда 9 мың электрлі самокат айып тұрағына қойылды

Алматыда 9 мың электрлі самокат айып тұрағына қойылды

Алматыда электрлі самокаттарды пайдалану талаптары күшейтілгеннен кейін 9 мыңнан астам көлік айып тұрағына қойылған. Олардың барлығы дерлік кикшеринг компанияларға тиесілі.

Елімізде 1 шілдеден бастап электрлі самокаттарды пайдалануға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілді. Жаңа талаптар самокат пайдаланушыларына ғана емес, кикшеринг компанияларға да қатысты. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, компаниялар электрлі самокаттардың техникалық тұрғыдан жарамды болуына және сәйкестендіру нөмірімен жабдықталуына жауапты. Сондай-ақ самокатты тек жүргізуші куәлігі бар адамдар пайдалауы тиіс. Кәмелетке толмағандардың кикшеринг қызметтеріне жүгінуіне рұқсат жоқ. Полицияның дерегінше, жыл басынан бері қалада самокаттардың қатысуымен 79 жол-көлік оқиғасы болып, 80-нен астам жолаушы зардап шекті. Ал шілдеден бері Алматыда самокат жүргізушілеріне қатысты 11 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі тіркеліп, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Салтанат Әзірбек, қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:

9 мыңнан астам электрлі самокат айып тұрағына тоғытылды. Көбінесе жол жүру куәлігінсіз тізгіндеу, тротуарларда қалай болса солай тұрған жерінен алып кеттік. Басқа жол жүру процесіне қатысушыларға қандай да бір қиындық туғызбауы тиіс. Бұл талаптарды алдын-ала ескерткен болатынбыз.


Бөлісу