Басты Жаңалықтар Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген

Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген

Елімізде өз өмірін сақтандыратындар қатары артып келеді.

Соңғы үш жылда сақтандыру шарттарының саны 70 пайыз өсіп, 1,9 миллионға жеткен. Ал нарықтағы сыйлықақылар көлемі екі есеге жуық артып, 1,8 триллион теңгеге жетті. Оның шамамен 80 пайызы өмірді сақтандыру сегментіне тиесілі. Агенттік мәліметінше, қазақстандықтардың 80 пайыздан астамы бүгінде сақтандыру шарттарымен қамтылған.

Олжас Ашкеев, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ басқарма төрағасы:

Өмірді сақтандыру компанияларының активтерінің сомасы 5 есе асты. Бұл дегеніңіз - 3 жылда 5 есе өсті деген сөз. Өйткені ақырындап халқымыз сақтандыруға сенім білдіруде. Адамның өзінің өмірін, қаржысын сақтандыруы керек, қалай көбейту керек екенін түсініп жатыр. 

Сақтандыру туралы 11 заң бір кодекске біріктіріледі

Сондай-ақ  сақтандыруға қатысты тағы бір өзгеріс: саланы қамтитын 11 заң бір құжатқа біріктірілуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Сақтандыру кодексі» деп аталатын жаңа құжат әзірлеп жатыр. Агенттік мәліметінше, жаңа құжат сақтандыру саласындағы талаптарды бір жүйеге келтіруге бағытталған. Реформа аясында міндетті сақтандырудың жаңа моделі енгізіліп, тарифтерді икемді белгілеу тетіктері де ұсынылып отыр. Жалпы, сақтандыру нарығын 2030 жылға дейін дамыту бағдарламасы аясында 6 стратегиялық бағыт пен 18 бастама қарастырылған. Заң жобасын жыл соңына дейін Құрылтайдың қарауына енгізу жоспары бар.


Бөлісу