Басты Жаңалықтар Онкологияға шалдыққан науқастарға 150 түрлі заманауи препарат қолжетімді

Онкологияға шалдыққан науқастарға 150 түрлі заманауи препарат қолжетімді

Елімізде онкологияға шалдыққан науқастарға 150 түрлі заманауи препарат қолжетімді. Жалпы, бұл санаттағы азаматтарға ауруларды емдеу мемлекет есебінен тегін жүргізіледі. Қазір науқастарға  препараттар мен диагностика, жоғары технологиялық операциялар мен сәулелік терапия қолжетімді. Айта кетейік, жыл сайын 55 мыңнан астам адам дәрі-дәрмекпен ем алады. Елде 10 ядролық медицина орталығы жұмыс істейді, ал сәулелік терапиядан жылына шамамен 15 мың пациент өтеді. 2025 жылы Орталық Азиядағы алғашқы протондық терапия орталығы Қазақстанда ашылды. Емдеу әдісі науқастың диагнозы мен ісіктің ерекшеліктеріне қарай жеке тағайындалады.

Бөлісу