Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
Ақмола облысында жолаушылар пойызы теміржол рельсіне шығып кеткен 13 бас ұсақ малды қағып кетті.
Төтенше жағдай Макинка-Елтай өткелінде болған. Машинист рельсті жағалай жайылып жүрген қойларды көрген бойда пойызды шұғыл түрде тоқтатпақ болған. Бірақ ол әрекеті жолдағы жағдайдың алдын алуға септігін тигізе қоймапты.
Соқтығыс салдарынан пойыз қозғалысы 9 минутқа тоқтатылды. Бүгінде малдың иесі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, ел бойынша жыл басынан бері жануарлардың теміржолға шығып кетуіне байланысты 700-ден астам оқиға тіркелген.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04