Басты Жаңалықтар Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті

Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 80 жылдық мерейтойын Көктөбеде атап өтті.

Қала күніне орай ұйымдастырылған мерекелік кеште театрдың 80 жылдық тарихы сахнада қайта жаңғырды. Театр өнерпаздары ән айтып, би билеп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сахнада ұжымның репертуарындағы қойылымдардан музыкалық үзінділер орындалып, театрдың әр жылдардағы шығармашылық жолы көрсетілді. Мерекелік кешке театр әртістерімен бірге танымал өнерпаздар да қатысты. Өнер ұжымы үшін бұл кеш өткенді саралап, бүгінгі жетістікті атап, көрерменмен бірге мерейтойды атап өтудің ерекше мүмкіндігі болды.

Гүлжамал Қазақбаева, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі:

Бұл мереке біздің театрдың ғана мерекесі емес, қазақ өнерінің мерекесі. Театрымыздың мерекесі құтты болсын! Театрымыз жасай берсін! Академ театрымызға Әуезов атындағы 100 жыл толды. Сол театрдың ізін басып келе жатқан бұл театрда әлі 100 жылдығында тойласын деп тілейміз.


Бөлісу