Басты Жаңалықтар Азия ойындарына бір күн қалды

Азия ойындарына бір күн қалды

Қазақстан ұлттық құрамасы XX жазғы Азия ойындарына сақадай сай. Олар осы додаға аттану үшін 226 оқу-жаттығу жиынына, 26 әлем және 37 Азия чемпионаты, сондай-ақ 148 халықаралық турнирге қатысқан. Сондықтан сары құрлық бәсекесінде бәсіміз жоғары болады деп сенеміз дейді, спорт сарапшылары. Ал, Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің айтуынша, азиадада ел намысын қорғайтын спортшыларымызды жетекші шетелдік мамандар тартылған. Бұл өзінің нәтижесін беруге тиіс. Әсіресе бокс, күрес түрлері, дзюдо, ескек есу, жүзу сынды спорт түрлерінен үздіктер қатарына енеміз деген үміт бар. Айта кету керек, Азия ойындары Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтеді. Оған Қазақстаннан 558 спортшы қатысып, спорттың 35 түрі бойынша бақ сынайды.

Мейрамғазы Сапарғалиев, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ресми өкілі:

Енді біздің негізгі мақсатымыз – алдыңғы, 2023 жылы өткен Азия ойындарындағы нәтижемізді жақсарту. Оған дейінгі Азия ойындарын бағамдасақ, біз алдыңғы қатарларда болған болатынбыз. Қазіргі кезде әлемде спортқа өте жоғары деңгейде назар аударылып жатыр. Бәсекелестердің қатары көбейіп келеді. Сондықтан біз де осы тұрғыдан келгенде, өзіміздің әлеуетімізді тағы бір мәрте дәлелдей білуіміз керек.


Бөлісу