Астанада үстел теннисінен Әлем чемпионаты өтеді
Келер жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Бұл Орталық Азияда осы спорт түрі бойынша өтетін алғашқы біріншілік болмақ. Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Әңгімелесу барысында алдағы әлем чемпионатының тарихи маңызына мән берілді. Бұл жарыс үстел теннисінің Қазақстанда ғана емес, бүкіл аймақта да қанат жаюына айтарлықтай жол ашады. Қазір 260 мыңнан астам адам осы спорт түрімен жүйелі түрде шұғылданады. Мемлекет арнайы инфрақұрылымды дамыту ісін қолға алды. Петра Сёрлинг үстел теннисіне жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Президентке алғыс айтып, федерация жоспарымен бөлісті. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанда үстел теннисін дамытуға қосқан үлесі үшін Петра Cёрлингті II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы