ЖИ-ді әртүрлі жастағы азаматтарға оқыту жобалары жалғасып жатыр
Жасанды интеллектіні жаппай меңгеру мақсатында әртүрлі жастағы азаматтарды оқыту жобалары жүзеге асып жатыр. Мәселен, 12-18 жастағы жасөспірімдерге арналған TUMO Astana орталығында бағдарламалау, робототехника, 3D-модельдеу, анимация және генеративті ЖИ бойынша тегін сабақ өтеді. Қазір орталықта 2 мыңнан астам оқушы білім алады. Ал 18 жастан асқандарға Tomorrow School бағдарламасы бар. 14 өңірде іске қосылды. Қатысушылар 18 ай бойы білім алып, 50-ден астам практикалық жобаны жүзеге асырады және тағылымдамадан өтеді. Жоғары білім беру саласында AI-Sana бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Оның аясында 100 мыңнан астам студент саланы тереңдете оқыды. Сондай-ақ ЖИ бойынша кәсіби мамандар даярлау үшін Qazaq AI Research University жұмысын бастады. 1 қыркүйектен бастап мұнда бакалавриат және магистратура дәрежесінде білім алу үшін 525 студент құжат тапсырған. Мемлекеттік қызметшілерді де үйрету жалғасып жатыр. AI Qyzmet бағдарламасы бойынша 55 мыңға жуық маман білім алды.
ЖҒЖБ AI Сана бағдарламасын іске асырып жатыр. Бағдарлама 4 кезеңнен тұрады. Қазіргі уақытта 2 кезеңі аяқталды. 2-кезеңге 100-мыңнан астам студент іріктелді. Осы курстардың шеңберінде 20 мыңнан астам студенттік жобалар әзірленді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы