Ресейдегі дәрі қоры 8 айға ғана жетеді
Ресейде дәрі тапшылығы күннен-күнге үдеп барады. Бүгінде елдің дәрі-дәрмек қорындағы адам өміріне аса қажетті препараттар күрт азайған. Мамандардың дерегіне сенсек, қолда бар дәрі шамамен 8 айға ғана жетеді. Ал Еуроодақ болса дәрі-дәрмекке қатысты санкциялық тізімді тағы да ұлғайтты. Бұл жерде басты мәселе- фармацевтикаға қажетті шикізаттың шетелдерден әкелінетіндігінде жатыр. Ресей дәрі өндірісіне қажетті субстанциялардың небәрі 15-20 пайызын ғана өзі өндіреді. Қалған 80-85 пайызы шетелден жеткізіледі. Қазіргі уақытта көптеген елдермен алыс-беріс тоқтатылған. Енді алдағы уақытта Үндістан мен Қытайдан дәрі сатып алу жоспарланып отыр.
Виктор Дмитриев, Ресей фармацевтикалық өндірушілер
қауымдастығының бас директоры:
Бұдан былай дәріханалардағы дәрі бағасын қатаң қадағалау жоспарлануда. Себебі кей препарат құны негізсіз көтерілген. Тіпті дәрі бағасы инфляциядан да тез өсуде. Бұл салада отандық компанияларға субсидия қажет, қолдау болмаса, дәрі бағасы қымбаттай береді.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үлкен тенниске қызығатын балалар көбейіп келеді
18.09.2026, 17:33
Қарағанды облысында жастар құқықтық сауаттарын жетілдіруде
18.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
18.09.2026, 17:25
Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ
18.09.2026, 17:22
Филиппиндегі мектепте атыс болды
18.09.2026, 17:20
Абай облысында ет экспортына ден қоя бастады
18.09.2026, 17:15
Өскеменде жол айрығын қарқынды салып жатыр
18.09.2026, 17:12
ЖИ-ді әртүрлі жастағы азаматтарға оқыту жобалары жалғасып жатыр
18.09.2026, 17:10