Басты Жаңалықтар Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ

Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ

Қытай Еуропа одағының электромобильдер экспортын шектеу туралы үндеуін қабылдаған жоқ. Бейжің екі елдің сауда қатынастары өзара тиімді сипатқа ие деп жауап берді. Бұған қоса осы елдің сыртқы істер министрлігі ЕуроОдақ еркін сауда саласындағы міндеттемелерін сақтап, қытайлық компанияларға әділ жағдай жасайды деп үміттенетінін жеткізді. Бұған дейін "Файнэншл Таймс" басылымы Брюссель Бейжіңнен сауда соғысын болдырмау үшін гибридті автомобильдердің саудасын шектеуді сұрады деп жазған еді.

Го Цзякунь, Қытай СІМ ресми өкілі:

Қытайдың электромобильдер индустриясының дамуы бүкіл әлемдегі тұтынушыларды сапалы және қолжетімді өніммен қамтамасыз етті. Бұған қоса ғаламдық деңгейде жасыл экономикаға көшуге оң үлесін қосты. ЕуроОдақтың әрекеттерін мұқият бақылап отырамыз және қытайлық кәсіпорындардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға қажетті барлық шараны қабылдаймыз.


Бөлісу