Ел жаңалықтарына шолу
Астана әлемнің GFCI қаржы орталықтары рейтингінде 8 сатыға көтерілді
Кітап оқып 10 млн теңге ұтып ал. Мұндай мүмкіндік жылдың үздік 10 оқырманына беріледі. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев мәлімдеді. Кітап оқу марафоны басталған екі аптаның ішінде миллионнан астам қазақстандық қосылды. Президенттің Жарлығы аясында қолға алынған «Жылдың 10 оқырманы» жобасы ел көлемінде қолдау тауып, 195 аудан мен 87 қаланы қамтиды. Қатысушылар алты айда 15 кітап оқып, кейін зияткерлік сайыстарда білімін сынайды.
Францияда Қазақстан күндері басталды
Францияда Қазақстан киносы күндері басталды. Француз көрермендеріне отандық киноның классикалық туындылары мен заманауи фильмдер ұсынылады. Париж төріндегі Қазақтың кино күндері көрнекті режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Алты жасар Алпамыс» фильмімен басталды. Сондай-ақ заманауи қазақстандық кино «Qaitadan» және «Игроманка» фильмдері де көрсетіледі. Екі туынды да мемлекеттік қолдаумен түсірілген.
Е.Рыбакина балаларға шеберлік сабақтарын өткізеді
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қазақстанда балаларға шеберлік сабақтарын өткізеді. Шара Астана мен Алматы қалаларына өтеді. Бір апталық сапары аясында Рыбакина өз тәжірибесімен бөліседі және жанкүйерлерімен кездеседі. Ал шеберлік сабақтарының нақты қай күндері өтетіні қосымша жарияланады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы