Мектеп мұғалімі 16 мың кітап оқыған
Тараз қаласында 16 мың кітап оқыған педагог тұрады. 49 жастағы Базарбай Дүйсенбаев 17 жасынан кітапқа үйір. Мектеп мұғалімі бүгінде білген-түйгенін оқушылармен бөлісіп жүр. Кітапқұмар жан облыстық «Дарын» лицей-интернатында 13 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 2012 жылы елімізде алғаш рет өткен республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы. Ол кітап оқып қана қоймай, 10-ға жуық әдістемелік оқу құралын да жазған. Ал 10 жылдан бері еліміздегі ҰБТ сұрақтарын дайындауға қатысады.
Базарбай Дүйсенбаев, мектеп мұғалімі:
Ай сайын еңбек ақымның 10%-ын мен кітап алуға жұмсаймын. Ай сайын 10 кітап оқуға тырысамын. Алдыңғы қатарлы елдердің бірі, мысалы, Жапонияда жылына 120 кітап оқиды екен. Бұл қандай керемет! Бай адам мен кедей адамның арасындағы айырмашылық 20 кітап дейді. Ал жетістікке жеткен адам мен жетістікке жетпей, құлдыраған адамның арасында 50 кітап айырмашылық бар екен.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03